Кинешмада Төртінші Халықаралық «Островский-FEST» фестивалі өтті, онда облыстық орыс драма театры Бригитта Швайгердің «Фюрер, прикажи!»пьеса желісі бойынша Дина Жумабаеваның «Одного кто знает?!» монодрамасымен қатысты.
«Островский фест» – камералық театр формаларының фестивалі, ол Кинешмада (Иваново облысы) 2019 жылдан бері өткізіліп келеді және өзінің атын керемет орыс драматургі-Александр Николаевич Островскийдің құрметіне алды.
Биыл IV Халықаралық камералық театр формаларының фестивалі 15 тамызда Кинешем драма театрының сахнасында ашылды. Ашылу салтанатында көрермендер үшін «Сатирикон» театрының көркемдік басшысы Константин Райкин «Над балаганом небо…» жеке қойылымымен өнер көрсетті.
Фестиваль 15-21 тамыз аралығында өтті. Қатысушылар арасында Әзербайжан, Армения, Қазақстан, Франция, Ресей елдерінің театрлары бар. Барлығы 16 қойылым ұсынылды.
«Одного кто знает?!» жеке спектаклі қазірдің өзінде бес фестивальге қатысты. Олардың соңғысы 2021 жылдың күзінде Екатеринбургте («Свой» халықаралық фестивалі) -2 орын, және Мәскеуде («Solo»халықаралық фестивалі) болды.
Фестиваль қорытындысы бойынша театрымыз екі номинация бойынша жеңіске жетті: «Лучшая женская роль» (актриса Юлия Кудряшова) және «Лучшая режиссерская работа» (режиссер Дина Жумабаева).
Фестивальдің мәдени бағдарламасына қатысушылар үшін қала бойынша экскурсия, Щелыковоға экскурсия (А.Островскийдің мұражайы), Еділ бойымен қайықпен серуендеу, сурет галереясына экскурсия, Л. Лютвинскийдің концерті, «Светилен» ансамблінің қойылымы, «Радуга над городом» картиналар көрмесінің ашылуы, Еділ бульварындағы салют.
[ngg src=»galleries» ids=»3″ sortorder=»14,10,9,12,11,8,13″ display=»basic_thumbnail» thumbnail_crop=»0″]