12 қаңтарда облыстық орыс драма театрында театр ұжымының «Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысымен кездесуі өтті.
Жиынға Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Қалмақов, орыс театрының тәлімгері Роза Олжабаева, ««Қазақстандық салалық Мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» ҚБ облыстық филиалының төрайымы Умут Акимбекова қатысты.
Жиын барысында орыс театрының 2022 жылға арналған есеп беру көрсеткіштері мен жетістіктері, сонымен қатар алдағы 2023 жылға арналған жоспарлары айтылды. Кездесу барысында Қостанай облысының мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Қалмақов театр ұжымының барлық сауалдарына жауап берді, өз ұсыныстарын айтып, театрға алдағы уақытта да табыс тіледі.