«Камерата» халықаралық фестивалінің қорытындылары

XVI халықаралық «КАМЕРАТА» драма театрларының фестиваль-байқауы (Челябі) аяқталды, оған облыстық орыс драма театры Е.Тикиджи-Хамбурянның «Руки у нас холодные» спектаклімен қатысты.

Театр актері Сергей Щербинин «Лучшая мужская роль второго плана» (доктор рөлі) номинациясын алды.

Фестивальге барлығы 14 ұжым қатысты.

Қазылар алқасының құрамына: «Золотая маска» фестивалінің қазылар алқасының құрамына қатысқан белгілі театр зерттеушілері, театр сыншылары, педагогтар, еңбек сіңірген мәдениет қызметкерлері кірді. Олар: Екатерина Морозова, Владимир Спешков, Татьяна Тихоновец, Евгения Тропп.