29 қарашада Қостанай облыстық орыс драма театры Қарабалық кентіне «Граница» Шекара қызметінің жұмысы туралы спектакльмен (шекара қызмет Департаментімен бірлескен жоба) шықты.
ҚР ҰҚК ШҚ Қостанай облысы бойынша департаменті бастығының орынбасары, подполковник Серік Төлеухановтың айтуынша:»бұл қойылым – Юрий Иванович Ивлевтің жетекшілігімен театр ұжымының үлкен үлесі».
Театр басшысы Қостанай облысы бойынша Шекара қызметі департаментінің «ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және мемлекеттік шекараны қорғауға қосқан үлесі үшін»грамотасымен марапатталды.
Юрий Ивлев:»бұл жоба бізге өте қымбат, өйткені біз Қазір шекараны күзететін жігіттер туралы айтып отырмыз».
Сондай-ақ, Қарабалық ауданы әкімінің атынан театр басшысы Юрий Ивлевке алғыс хат табыс етілді.