Өткізілетін уақыты: 6 сәуір 2023 ж. (кесте бойынша).
Өткізілетін орны: Қостанай облысының ауылдары (кесте бойынша).
Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасының бастамасымен «Өнер керуені» жобасы іске асырылады.
Негізгі мақсатыауыл халқына рухани азық сыйлау, облыстың ауылдық клубтарының деңгейін көтеруге ықпал ету, өңірлік өнер ұжымдарына қолдау көрсету, дәстүрлі өнерді насихаттау.
2023 жылдың 6 сәуірде жоба Федоров ауданының Пешковка және Банновка ауылдарынан бастау алады.
«Өнер керуені» жобасына облыстық театрлар, кітапхана, мұражай, филармония ұжымдары қатысады. Жоба жыл бойына өтеді.
Жоба барысында ауыл тұрғындарына облыстық филармония әртістері концерттік бағдарламаларын, мұражай қызметкерлері көрмелерін ұсынып, ал кітапхана қызметкерлері жазушылармен жүздестіріп, театрлар өз қойылымдарын тарту етеді. Сонымен қатар, музыканттар, театр әртістері, суретшілер өз саласында ауылдық үйірмелерде шеберлік сабақтарын өткізеді.
Жоба аясында облыстық қуыршақтар театры мен филармония қызметкерлері «Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасы аясындағы «Оқушының мәдени нормативі» оқу-ағарту жобасын да қамтиды.
Іс-шараға қатысушылар: Облыстық мәдениет ұйымдары, облыстың шығармашылық зиялы қауым өкілдері, ауыл тұрғындары.