Фестивальге Армения, Грузия, Беларусь, Қазақстан, Ресей театрлары қатысты.
Фестиваль аясында Арменияда Қазақстан театрларының күндері ашылды.
ҚР Армениядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Болат Иманбаев пен Армения Республикасы Білім, ғылым, мәдениет және спорт министрлігінің қазіргі заманғы өнер департаментінің бастығы Светлана Саакян атап өткендей: «Фестивальдің 20 жылында алғаш рет Қазақстан театрлары (М. Әуезов атындағы Алматы Қазақ ұлттық театры және Қостанай облыстық орыс драма театры) шақырылды. Бұл фестиваль Қазақстан мен Армения арасындағы көпжоспарлы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және нығайтуға, халықаралық байланыстарды нығайтуға ықпал ететін кезекті платформа болатынына сенімдіміз».
Олар сондай-ақ Қазақстаннан келген театрлардың кәсіби деңгейін жоғары бағалап, сәттілік тіледі.
Фестиваль қорытындысы бойынша орыс театры фестивальге қатысушы дипломын алды.